Қазақстан мен Бельгия азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Бельгия азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Дейнзе қ., 2025 жылғы 19 ақпан – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан бельгиялық азық-түлік өнеркәсібі өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында өзара пайдалы сауда және инвестициялық ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері талқыланды. Негізгі назар Қазақстанның астық экспорты және астық дақылдарын терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне аударылды. Осы контексте қазақстандық дипломат Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы көлік-логистикалық байланыстардың даму жайында айтты.
 
2024 жылы Қазақстанда астық дақылдарының рекордтық егінін жинағанын атап өткен Maselis компаниясының басшысы Патрик Маселис Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерінің жоғары сапасын атап өтті.  
Анықтама үшін: Maselis компаниясы 1829 жылдан бері еуропалық азық-түлік өнеркәсібі үшін астық өнімдерін жеткізетін ірі компания болып табылады.
 
Сондай-ақ, М.Баймұхан 1856 жылы негізі қаланған De Halve Maan сыра зауытының жетінші ұрпақ иесі Ксавье Ваннестемен кездесті.  
Бельгияның сапалы сыра өнімдерін өндіру саласындағы дәстүрлі сәтті тәжірибесін ескере отырып, компания басшысы Қазақстанның сыра нарығында сауда-өндірістік ретте қатысуға шақырылды.
 
Dossche Group компаниясының басшылығымен болған кездесуде Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібіндегі ынтымақтастық және инвестициялар үшін жаңа бағыттар қарастырылды.  
Анықтама үшін: Dossche Group — 1911 жылы құрылған, Еуропадағы үш ірі ұн тарту компаниясының бірі болып табылатын жеке отбасылық компания. Компанияда шамамен 600 қызметкер жұмыс істейді. Компанияның жылдық айналымы 800 миллион еуродан асады, экспорт географиясы 50-ден астам шетелдік нарықты қамтиды.
 
Бельгиялық кәсіпкерлер Қазақстанның шаруашылық субъектілерімен коммерциялық байланыстар орнатуға қызығушылық білдірді.
 
Қазақстан мен бельгиялық компаниялар арасында бірқатар коммерциялық және инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында нақты келіссөздер жүргізу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.