Қазақстан мен Люксембург көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда

Қазақстан мен Люксембург көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда
Люксембург, 2025 жылғы 29 қаңтар – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембург Қаржы министрі Жиль Ротпен, Сыртқы істер министрлігінің саяси директоры Вероник Докендорфпен және Люксембург Премьер-министрінің дипломатиялық кеңесшісі Лорис Николеттимен жеке кездесулер өткізді.
 
Кездесулер барысында М.Баймұхан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы баяндады. Қазақстан мен Люксембург арасындағы, сондай-ақ Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы байланыстарды белсенді дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.
 
Люксембургтік әріптестер Қазақстан мен Люксембург арасындағы саяси және экономикалық байланыстардың динамикасын жоғары бағалады. Люксембургтің Қаржы министрі Жиль Рот Қазақстанның өңірдегі маңызды рөлін атап өтіп, екі ел арасындағы саяси диалогтың нығаюын атап өтті. Ол сондай-ақ Астана Халықаралық қаржы орталығының қызметімен танысуға және Люксембургтің қаржылық институттарды құру жөніндегі тәжірибесімен бөлісуге қызығушылық танытты.
 
Люксембургтің Сыртқы істер министрлігінің саяси директоры Вероник Докендорф Қазақстан Орталық Азиядағы Люксембургтің маңызды әрі тұрақты серіктесі болып қалатынын атап өтіп, 2025 және 2026 жылдары бірқатар екіжақты шараларды ұйымдастыру жөніндегі бастамаларды қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ, 2024 жылдың қазан айында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Люксембургке ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдер мен мәселелер талқыланды.
 
Люксембург Премьер-министрінің дипломатиялық кеңесшісі Лорис Николеттимен кездесуде сыртқы саясат, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өңірлік қауіпсіздік, ғаламдық сын-қатерлер және алдағы екіжақты және көпжақты іс-шаралар мәселелері бойынша пікір алмасылды. Л.Николетти Люксембург Премьер-министрінің Қазақстан басшылығымен конструктивті диалогты жалғастыруға қызығушылығын растады.
 
Сонымен қатар, Елші М.Баймұхан люксембургтік саясаткерлерді 2025 жылдың 29-30 мамырында Астанада өтетін Халықаралық форумға қатысуға шақырды.