Еуропалық Парламент Қазақстанмен адам құқықтарын қорғау саласындағы диалогты нығайтады

Еуропалық Парламент Қазақстанмен адам құқықтарын қорғау саласындағы диалогты нығайтады

Страсбург, 2025 жылғы  22-23 қаңтар – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаевтың Страсбургке кезекті сапары өтті.

Еуропалық Парламенттің пленарлық отырысы аясында қазақстандық Омбудсмен Еуропалық Парламенттің Адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің (DROI) басшылығы Мунир Сатури, Марта Темиду, Орталық Азия және Моңғолиямен байланыс жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (DCAS) төрайымы Джузи Принчи және Еуродепутат Начо Амор Санчеспен жеке кездесулер өткізді.

Еуропалық саясаткерлерге Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттігін кеңейтуге және оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа Конституциялық заң «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» туралы өзекті ақпарат берілді. Сондай-ақ, олар Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен тікелей байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесулер барысында Қазақстан мен ЕО арасындағы 2015 жылғы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында демократия және адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Ерекше назар отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына, оның ішінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды қабылдауға, саяси плюрализмді кеңейтуге және халықтың осал топтарының құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін енгізуге аударды.

Страсбургтегі Еуродепутаттармен кездесулер А. Ластаевқа Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Еуропалық әріптестер Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы адам құқықтары бағытындағы ынтымақтастықты ілгерілету және азаматтық қоғамды дамыту үшін белсенді байланыстарды қолдауға қызығушылық танытты.