Қазақстан мен Бельгия парламентаралық ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Бельгия парламентаралық ынтымақтастықты дамытуда

Брюссель, 2025 ж. 21 қаңтар – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгияның Федералдық және Аймақтық Парламенттерінің депутаттарымен кездесті.

Кездесуге Сенат депутаты, Федералдық Парламенттегі "Бельгия-Орталық Азия" достық тобының мүшесі Гёдель Ликенс және Фламанд парламентінің депутаттары Джаспер Пиллен мен Маринн Верхарт қатысты.

Тараптар екіжақты парламентаралық және партияаралық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін талқылады. Ерекше назар екі ел парламентшілерінің өзара сапарларын ұйымдастыру перспективаларына аударылды.

Қазақстандық дипломат бельгиялық саясаткерлерге Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар және елдің сыртқы саясатының негізгі аспектілері туралы айтты.

Бельгиялық депутаттар Қазақстанда жүргізіліп жатқан ішкі саяси және экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді қолдады.

Кездесу соңында М.Баймұхан бельгиялық саясаткерлерді Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.