Конструктивный диалог межпарламентского сотрудничества в фокусе внимания Казахстана и ЕС

Конструктивный диалог межпарламентского сотрудничества в фокусе внимания Казахстана и ЕС

Брюссель, 2025 жылғы 16 қаңтар – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Еуропалық Парламенттің Орталық Азия және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының (DCAS) төрағасы Джузи Принчимен, сондай-ақ Еуропалық парламент Спикерінің дипломатиялық кеңесшісі Сильвия Косинскаямен бөлек кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ Еуропалық Парламент делегациясының өткен жылдың қараша айында Астанада өткен ҚР-ЕО парламенттік ынтымақтастық жөніндегі 21-ші Комитетке қатысуының қорытындыларын талқылады.

2025 жылы Парламент делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру мәселелері жеке талқыланды.

Парламентаралық тректе ынтымақтастықты дамыту перспективаларына және Орталық Азия – Еуропалық Одақтың 2025 жылға арналған күн тәртібі шеңберінде бірлескен іс-шараларды талқылауға ерекше назар аударылды.

Қазақстандық дипломат Еуропалық Парламент делегациясының Қазақстанға сапары үшін ризашылығын білдіріп, елдің парламентаралық форматтар тетіктері арқылы ЕО-мен қатынастарды жандандыруға ұмтылысын атап өтті.

Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету үшін белсенді диалогты қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.