Еуроодақ астанасында Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Еуроодақ астанасында Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты туралы кітаптың тұсаукесері өтті

2025 жылғы 14 қаңтар, Брюссель – «Брюссель-Еуропа» баспасөз клубында Қазақстанның көпвекторлы саясатын қоса алғанда, Азия елдерінің сыртқы саясатын зерттеуге арналған проф. Оливье Арифонның «Баяндау арқылы дипломатия-Азиядағы жаңа жұмсақ күш» кітабының тұсаукесері өтті.

Бельгия мен ЕО-ның геосаясат және дипломатия саласындағы ғылыми-академиялық топтары, еуропалық институттар, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шараға Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан мен ҚР Елшілігінің дипломаттары қатысты.

Кітаптың басым бөлігі мемлекеттіліктің қалыптасу тарихына және еліміздің көпвекторлы саясатына арналғанын, сондай-ақ Қазақстанның «орта держава» ретінде қалыптасуын көрсететінін ескере отырып, Елші М. Баймұхан бұл еңбек Қазақстан-Еуропа қатынастарын зерделеуге, дамытуға және нығайтуға мүдделі сарапшылар мен дипломаттар үшін белгілі бір қызығушылық тудырады деген пікір білдірді.

Қазақстандық дипломат профессор О.Арифонға Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатына, оның тарихына және әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымына қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Қазақстандық дипломат сондай-ақ ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың бастамасымен елдің одан әрі тұрақты дамуы мен экономикалық өсуіне негіз қалайтын экономикалық және саяси реформалар туралы айтып берді.

Елші М.Баймұхан аудиторияны көлік, энергетика және сауда саласындағы ағымдағы өзара іс-қимылдың негізгі салаларын белгілей отырып, Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын дамыту перспективаларымен таныстырды. Өз кезегінде профессор О. Арифон кітаптың тұсаукесерін дайындауда көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Елшілігіне өл алғысын білдірді.

Кездесу соңында жиналғандардың Қазақстанға деген қызығушылығын көрсеткен сұрақ-жауап сессиясы өтті.

Анықтама үшін: Оливье Арифон-Лилль католиктік университетінің саяси коммуникациялар профессоры, Брюссельдегі кеңесші қызметін біріктіреді. Бұрын ол коммуникация бойынша компаниясын құрып, Мюнхенде университеттік ынтымақтастық атташесі болып жұмыс істеген. Зерттеуші ретінде 20 жыл Еуропа мен Азия елдерінде жұмыс істеді. «Қытай саясатына шолу: жұмсақ күш, байланыс, ықпал» кітабын шығарды» (Le récit politique chinois: Soft power, communication, influence. L'Harmattan, 2021).