Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасында кезекті рейске аттанды

Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасында кезекті рейске аттанды

Jibek Joly туристік пойызы екінші сапарға аттанды және теміржол саяхатының географиясы кеңейді.

Турдың бағытына тағы 2 қала – Қазақстандағы Шымкент, Өзбекстандағы Самарқанд кіреді. Бүгін Jibek joly туристік пойызы «Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы» бағыты бойынша кезекті рейске аттанды.

2025 жылғы 2-7 қаңтар аралығында турдың ұзақтығы бес күнді құрайды. Пойыздың жолаушылары 100-ден астам турист болды. Олардың арасында Kazakh Tourism ұйымдастырған баспасөз турына қатысатын журналистер мен блогерлер бар.

Саяхатшылар ежелгі қалалардың атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхатқа шыға алады. Маршрут негізгі көрікті жерлерді қамтиды және туристерге ыңғайлы болу үшін экскурсия бағдарламасында гид, тамақ, көлік қызметі және кіру билеттері қарастырылған.

Теміржол саяхатының бірегейлігі: туристер жайлы пойызда түндерді өткізеді, онда жайлы тұру үшін қажет нәрсенің бәрі қарастырылған. Осы уақытта пойыз өзінің жүру бағыты бойынша жүреді.

Халықаралық турды «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, ҚР Туризм және спорт министрлігі қолдауымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қазақстандық туризм индустриясы» республикалық қауымдастығы ұйымдастырды.