Қазақстанмен ынтымақтастық Еуропалық парламенттің назарында

Қазақстанмен ынтымақтастық Еуропалық парламенттің назарында

Брюссель, 2024 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Еуропалық Парламенттің Орталық Азия және Моңғолиямен байланыстар (DCAS) жөніндегі делегациясының төрайымы Джузи Принчи ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Парламенттік ынтымақтастық комитеттері мен парламенттік делегациялардың тұрақты кездесулері арқылы өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. 

Қазақстандық дипломат ҚР-дың Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты тереңдетуге ұмтылысын атап өтіп, парламенттік бағыттың саяси диалогты, экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңызды құрал екенін ерекше көрсетті.

Көлік саласындағы, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану, білім беру, мәдениет, адам құқықтары және заң үстемдігі саласы, сауда, инвестициялар, сондай-ақ жасыл және энергетикалық күн тәртібі аясындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Дж. Принчи Қазақстанның ЕО-мен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған бастамаларына қолдау білдіріп, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен елдің өңірлік интеграция мен тұрақты даму бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Еуропа арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін байланыстарды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.