Орталық Азия мен ЕО арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері Брюссельде талқыланды

Орталық Азия мен ЕО арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері Брюссельде талқыланды

2024 жылғы 9 желтоқсан, Брюссель – Еуропа Парламентінің Орталық Азиямен байланыстар жөніндегі делегациясының (DCAS) бастамасы, делегация төрағасы Джузи Принчидің ұйымдастыруымен жұмыс кешкі ас өтті. Шараға Бельгияда аккредиттелген Орталық Азия елдері мен Моңғолияның елшілері, сондай-ақ Еуропа Парламентінің хатшылығы мен Еуропалық сыртқы істер қызметінің өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту болды. Парламенттік ынтымақтастық комитеттері мен парламентаралық диалогтың басқа да форматтары аясындағы өзара әрекеттестікті дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін парламенттік делегациялар деңгейінде тұрақты кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Делегация басшысы Дж. Принчи парламентаралық байланысты одан әрі дамытудың қажеттілігін ерекше атап өтіп, оның ЕО мен Орталық Азия өңірлері арасындағы сенім мен өзара әрекеттестікті нығайтудың маңызды механизмі екенін айтты. Кездесу барысында көлік, сауда, инвестициялар және энергетика сияқты негізгі салаларда ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Қорытындылай келе, қатысушылар парламентаралық диалогты дамыту ортақ құндылықтарға, өзара құрметке және тұрақты дамуға ұмтылысқа негізделген әріптестікті нығайтудың маңызды құралы екенін атап өтті.