
2024 жылғы 4 желтоқсан, Брюссель – Бүгін Қазақстанның Еуропа Одағының жанындағы Тұрақты өкілдігінің ғимаратында «Қазақстанның геологиялық саласының әлеуеті: ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орайластырылған
іс-шараға геология саласының еуропалық және қазақстандық сарапшылары, жоғары білім беру және ғылыми мекемелердің, ЕО және БҰҰ институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның ЕО жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан өзінің кіріспе сөзінде іс-шара қонақтарын қазақтың ұлы ғалымы Қ. Сәтбаевтың өмірбаянының қызықты фактілері туралы хабардар етті. Ол академиктің Қазақстандағы геологиялық зерттеулерді дамытудағы елеулі үлесі, оның Қазақстанды аграрлық елден индустриялық-ғылыми интеллектуалды елге айналудағы рөлі туралы айтып берді
М. Баймұхан Қазақстанның геологиялық зерттеулер саласындағы заманауи ғылым өз дамуын жалғастырып жатқанын, тау-кен секторына жаңа шетелдік инвестициялар мен озық технологиялар тартылып жатқанын атап өтті.
Қазақстандық дипломат еліміздің стратегиялық рөлі аса маңызды шикізат ресурстарына таралатынын, сондай-ақ Қазақстанда Еуропалық Одақ айқындаған сыни шикізат материалдары тізімінің 34 элементінің 33-і қамтылғаны туралы жиналғандардың назарын аударды. ҚР ЕО аса маңызды деп таныған 34 минералдың 21-ін қамтамасыз ете алады, қалған 13-і үшін шикізат базалары құрылды. Бұл жасыл энергетикаға және озық технологиялық секторларға көшу үшін шешуші маңызы бар негізгі материалдарды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, Қазақстанды Еуропаның негізгі әріптестерінің бірі ретінде айқындайды.
Баяндаушылар, Satbayev University Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Самғат Ермекбаев, «Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары Әлия Сембаева және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-тың тәуелсіз серіктесі Бауыржан Мұқаевтың тарапынан шақырылған қонақтарға, ҚР-дың геологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми-техникалық және білім беру әлеуеті, , сондай-ақ Қазақстан экономикасының тау-кен өндіру секторында бар перспективалар туралы айтып берді.
БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (UNEP) атынан сөз сөйлеген саясат мәселелері жөніндегі аға кеңесші Жаныл Молдалиева UNEP-тің Брюссельдегі кеңсесінің экологиялық бағдарланған, пайдалы қазбалар мен Металдарды тұрақты пайдалану саласындағы ынтымақтастық жобалары туралы ақпаратпен бөлісті.
ҮЕҰ өкілдері: Сирек жер элементтерін өндірушілер қауымдастығының (REIA) Президенті Бадринатх Велури және Еуропалық геологтар Федерациясының (EDF) CO2 және сутекті геологиялық сақтау жөніндегі сарапшылар тобының үйлестірушісі Николаус Кукузас өздерінің ұйымдары жүргізіп жатқан жаңа зерттеулер, ғылыми әзірлемелер және қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықтағы мүдделер туралы өз презентацияларын ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында Еуропалық ғылыми топтар мен бизнес қоғамдастықтың Қазақстанның тау-кен өндіру саласына деген қызығушылығын көрсеткен сұрақ-жауап сессиясы өтті.
Іс-шара аяқталғаннан кейін спикерлер мен дөңгелек үстел қонақтарына академик Қ. Сәтбаевтың өмірбаяны туралы ағылшын тіліндегі кітаптар сыйға тартылды.
Іс-шара Брюссельде Еуропалық Комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы Еуропалық шикізат апталығы (Raw Materials Week) қарсаңында өтті.