Бельгиядағы фламандиялық компаниялар қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Бельгиядағы фламандиялық компаниялар қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Аалтер, 2024 жылғы 15 қараша – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан фламандтық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.

«Seyntex» компаниясының иесі Арти Сейневпен кездесуде бельгиялық компанияның Қазақстандағы қызметін жандандыру жолдары талқыланды. ҚР тоқыма және тоқымаға жатпайтын бұйымдар өндірісін локализациялау мүмкіндігіне ерекше назар аударылады.

Қазақстандық дипломат ҚР инвестициялық, сауда-экономикалық әлеуеті туралы айтты. Өз кезегінде, компания басшылығы «Seyntex» компаниясының жоғары технологиялық өнімін таныстырды.

Анықтама: «Seyntex» 1908 жылы құрылған. Компания 20-дан астам елдегі тұтынушыларға 1,5 миллионнан астам қорғаныс киімдері мен жабдықтарын жеткізеді.

«Soubry» бас директоры Матье Субримен кездесу барысында ҚР тамақ өнеркәсібі өкілдерімен ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мүмкіндіктері, сондай-ақ Бельгия мен ЕО елдеріне қатты бидай жеткізу мәселелері талқыланды.

М.Субри қазақстандық өнімдердің жоғары сапасын, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен тиімді өзара әрекеттесуге қызығушылық танытты.

Анықтама: «Soubry» ЕО-дағы 10 ірі макарон өндірушілердің бірі болып табылады. 1921 жылы негізі қаланған кәсіпорында 400-ден астам маман еңбек етеді.

Қазақстандағы бизнес-жобаларды жан-жақты қарастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.