Қазақстан мен Бельгия парламентшілері ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Бельгия парламентшілері  ынтымақтастықты нығайтуда

Брюссель, 2024 жылғы 3 қазан – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Самат Нұртаза мен Олжас Құспеков бельгиялық әріптестерімен кездесті.

Қазақстандық парламентшілерді қарсы ала отырып, Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының Халықаралық істер комитетінің төрағасы Элс Ван Хоф екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың серпінді деңгейін атап өтті. Өткен жылы екі елдің парламенттік делегациялары Қазақстан мен Бельгияға өзара сапарларын жүзеге асырды. Депутат Астана мен Алматыға жемісті сапарларынан алған жылы естеліктерімен бөлісе отырып, Қазақстан Бельгия мен Еуропалық Одақтың аймақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті. Бельгия Қазақстанмен ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестікке мүдделі.

Өз кезегінде депутат С.Нұртаза кездесу үшін алғысын білдіріп, Мәжілісте Бельгиямен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың жаңа құрамының құрылғаны туралы хабарлады. Бельгия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі болғанын және болып қала беретінін атап өтті. Екіжақты тауар айналымының өсуін атап өтті, ол 2023 жылы 500 млн. АҚШ құрып, 2022 жылғы көрсеткіштерден
1,7%-ға асып түсті.

Кезедсу барысында парламентшілер ағымдағы ішкі саяси процестерді талқылады. Э. Ван Хоф үстіміздегі жылғы маусымда Бельгияда өткен «супер сайлау» туралы айтты, онда бельгиялық сайлаушылар федералды, аймақтық және еуропалық сайлауға қатысты. Депутат С.Нұртаза өз тарапынан Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумға дайындық туралы хабардар етті. Әңгімелесушілер «Орталық Азия - Еуропалық Одақ» форматындағы өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал туралы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бельгия Парламентінде «Бельгия-Қазақстан» ынтымақтастық жөніндегі жаңа парламентаралық топ құрылғаннан кейін диалогты жалғастыруға келісті.