Қазақстан елшісі көші қон және ішкі істер мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссия Бас директораты бас директорының орынбасарымен кездесті

Қазақстан елшісі көші қон және ішкі істер мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссия Бас директораты бас директорының орынбасарымен кездесті

Брюссель, 2024 жылғы 3 қазан – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Еуропалық көші-қон және ішкі істер комиссиясы Бас директораты бас директорының орынбасары Йоханнес Люхнермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар заңсыз көші-қонға қарсы күресті, реадмиссияны, шекаралық бақылауды жетілдіруді және еуропалық ішкі істер органдарының тәжірибесін қолдануды қоса алғанда, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы құқықтық тәртіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан елшісі ЕО елдеріне сапар шегетін қазақстандық азаматтардың көші-қон тәуекелдерінің жоқтығын, біздің отандастарымыздың ЕО елдерінің заңдары мен ережелерін сақтауын атап өтіп, оң көші-қон статистикасы туралы хабардар етті.

М. Баймұхан Қазақстанның көші-қон саласындағы халықаралық стандарттарға бейілділігін атап өтіп, ҚР мен ЕО арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Йоханнес Люхнер өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі рөлін және оның өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол көші-қон және қауіпсіздік мәселелерін шешу контекстінде тараптар арасындағы диалог пен тәжірибе алмасуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара диалогты жалғастыруға және болашақта ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың басым бағыттарын айқындауға келісті.