Брюссельдегі ҚР Елшілігінде Бельгия және Люксембург жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесу өтті

Брюссельдегі ҚР Елшілігінде Бельгия және Люксембург жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесу өтті

Брюссель, 2024 ж. 30 қыркүйек – Бельгия мен Люксембург елдерінде жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттердің бейімделуі, олардың мансаптық перспективалары, сондай-ақ алдағы Республика күнін мерекелеу туралы мәселелері Қазақстанның Брюссель қ. Елшілігінде өткен кездесуде талқыланды.

Қазақстандық студенттерді қарсы ала отырып, Елші Марғұлан Баймұхан жаңадан келген студенттерді Бельгия мен Люксембургтің жетекші жоғары оқу орындарында оқудың басталуымен шын жүректен құттықтады, сондай-ақ соңғы жылдары елшіліктің түрлі іс-шараларына қатысқан көптеген студенттердің белсенді қатысуын атап өтті.

Елші жастарды Брюссельдегі қазақстандық Елшіліктің қызметі туралы хабардар етіп, еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды, кездесуде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның халықаралық бастамаларын, Бельгия мен Люксембургте қазақстандық іс-шараларды өткізу жоспарларын талқылады.

Осы тұрғыда кездесуде 2024 жылғы 6 қазанға белгіленген Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша алдағы референдум туралы айтылды. Отандастарға мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері жанындағы учаскелерде азаматтарды тіркеу тәртібі және тікелей референдум күні дауыс беру рәсімдері туралы қажетті мәліметтер берілді.

Сонымен қатар, қазақстандық студенттерге консулдық есепке қою тәртібі мен сайлаушылар тізімдері туралы қажетті мәліметтер берілді.

Студенттер өз кезегінде елші мен дипмиссия қызметкерлеріне Бельгия мен Люксембургте қазақстандық іс-шараларды өткізу жоспарлары, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктері, қазақстандық, бельгиялық және люксембургтік компаниялар мен ұйымдар базасында өндірістік практикалар мен тағылымдамалардан өту туралы сұрақтар қойды.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, бұл іс-шара қазақстандық студенттерге елшілік қызметкерлерімен және олардың арасында жақынырақ танысуға, сондай-ақ шетелде оқу кезеңінде пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.