Брюссельде Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі бағыттары таныстырылды

Брюссельде Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі бағыттары таныстырылды

Брюссель, 2024 жылғы 4 қыркүйек – Бельгиядағы Қазақстанның Елшілігі қоғамдық-саяси қайраткерлермен және бельгиялық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан іс-шара қатысушыларына Әділетті Қазақстан құрудағы еліміздің жетістіктері, елдің экономикасын одан әрі әртараптандыруға, энергетика саласын дамытуға, сондай-ақ көлік-логистика саласына бағытталғандығы туралы айтып берді. Ерекше назар Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктеріне бөлінді.

Іс-шара қатысушылары ҚР Үкіметінің инвестициялық ортаны жақсарту жөніндегі шаралары, сондай-ақ логистика, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерімен таныстырылды.

М. Баймұхан Еуропа мен Азия арасындағы сауда қатынастарын кеңейтуде және іскерлік байланыстар орнатуда Транскаспий халықаралық көлік бағытының артып келе жатқан рөлін ерекше атап өтті.

Қазақстанның туристік әлеуеті туралы бейнеролик көрсетілімі аясында еліміздегі ең тартымды туристік бағыттар жөнінде пікір алмасу болды. Іс-шара қонақтары жақын арада елімізге келуге ниет білдірді.

Бельгияның қоғамдық-саяси қайраткері, қазақ диаспорасының өкілі Назгүл Балмұханова осындай іс-шараларды өткізу одан әрі жемісті ынтымақтастыққа серпін беретінін, жаңа байланыс нүктелерін табуға және екі ел азаматтары арасында байланыстар орнатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.