Бельгияның Лимбург провинциясында қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Бельгияның Лимбург провинциясында қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Хасселт, 2024 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгияның Лимбург провинциясына жұмыс сапарымен барды.

Провинция губернаторы Джом Лантмитерспен кездесуде қазақ аймақтары мен Лимбург провинциясы арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық, сондай-ақ мәдени байланыстарды нығайту мүмкіндіктері талқыланды. Бельгиялық саясаткер де Қазақстанға келуге қызығушылық танытты. Қазақстан-Бельгия қатынастарының серпінді дамуына орай Дж.Лантмитерс ҚР өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде, қазақстандық дипломат бельгиялық саясаткерді ҚР-дің цифрландыру, машина жасау, көлік және т.б. салалардағы жетістіктерімен таныстырды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауының негізгі аспектілеріне ерекше назар аударылды. ҚР басшылығының Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жалғастыруға баса назар аударатынына ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде, Globachem агрохимиялық компаниясының басшылығымен кездесу барысында қазақстандық кәсіпкерлік субъектілерімен сауда-инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Бельгиялық кәсіпкерлер қазақстандық серіктестер тауып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін елімізге келуге қызығушылық танытты. Сондай-ақ М.Баймұхан өсімдік қорғау құралдарының өндірісі мен ғылыми-зертханалық зерттеулерімен танысты.

Сондай-ақ, М.Баймұхан сұхбаттасушыларды Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесінің қызметі, Бельгия мен Люксембургтегі алдағы инвестициялық, сауда-экономикалық шаралар туралы хабардар етті.

Провинцияның бизнес қауымдастығы үшін Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерінің егжей-тегжейлі презентациясын, сондай-ақ Globachem компаниясы мен қазақстандық кәсіпорындар арасындағы алғашқы онлайн кездесулерді өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Анықтама: Лимбург провинциясының жалпы ішкі өнімі 31 миллиард еуродан асады. Провинцияда Бельгия жемісінің 50 пайыздан астамы өсіріледі. 2000 жылы негізі қаланған Globachem - 250 миллион еуродан астам айналымы бар провинциядағы ең қарқынды дамып келе жатқан ғылыми-өндірістік компаниялардың бірі. Компанияның 57 елде коммерциялық байланыстары мен инвестициялық жобалары бар.