29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні атап өтіледі

29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні атап өтіледі

Бүгін, 29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні атап өтіледі. 2009 жылдың 2 желтоқсанда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы бірауыздан қарар қабылданды.

Бұл құжатты қабылдау туралы Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың назарын осы маңызды мәселеге аудару және 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуын атап өту үшін бастама көтерді. 1915 жылғы сәуірде Жаппай қырып-жою қаруы алғаш рет қолданылған Бельгияның Ипр қаласында 2010 жылы Қазақстан «Фландрия алаңдарында» (in Flanders Fields Museum) муражайының аумағында ядролық сынақ құрбандарына ескерткіш орнатты. 2012 жылы Ипр мен Семей қалалары туыстас қалаларға айналды.