Брюссельде Орталық Азия, Моңғолия және Кариб бассейні елшілерінің алғашқы бірлескен кездесуі өтті

Брюссельде Орталық Азия, Моңғолия және Кариб бассейні елшілерінің алғашқы бірлескен кездесуі өтті

Брюссель, 2024 жылғы 15 мамыр – Бельгияда аккредиттелген Орталық Азия және Моңғолия елдерінің елшілері тобының бастамасымен сауда-экономикалық және салалық әріптестікті кеңейту, сондай-ақ өңіраралық және өңірішілік әріптестікті құру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Орталық Азия, Моңғолия мемлекеттерінің дипломатиялық миссиялары басшыларының және Кариб теңізі елдерінің елшілері тобының алғашқы бірлескен бейресми кездесуі өтті.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұханның пікірінше, өңірлердің географиялық қашықтығына қарамастан, Орталық Азия мен Кариб бассейні елдерінің жаһандық диалог пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріндегі ұстанымы ұқсас, бұл экономикалық қатынастарды тереңдетудің маңызды шарты болып табылады.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат шетелдік инвесторларға Қазақстанда өз қызметін дамытуға мүмкіндік беретін инвестициялық преференциялар мен құралдар туралы айтып берді. Орталық Азия өңірінің көліктік-логистикалық әлеуетін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда ЕО-ның Орта дәлізді дамытуға деген өсіп келе жатқан рөлі мен қызығушылығы атап өтілді. Сонымен қатар, тараптар Орталық Азия мен Моңғолия елдерінің Еуропалық Одақ институттарымен ынтымақтастығының басымдықтарын талқылады.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, Орталық Азия мен Моңғолия елдерінің ЖІӨ бүгінде 430 млрд еуроны құрайды, ал осы елдердің өсіп келе жатқан жас ұрпағы 2050 жылға қарай 100 млн адам деңгейіне жақындауы мүмкін. 2023 жылы Орталық Азиядағы өңірішілік сауда көлемі 11 млрд еуроны құрады.

Кариб теңізі елдерінің аймақтық үйлестірушісі атынан сөйлеген Ямайка Елшісі Симон Беттон-Найо ЕО мен Кариб теңізі елдерінің қарым-қатынастарының негізгі жетістіктері мен жоспарлары, сондай-ақ жалпы сыртқы саясаттың ең өзекті еуропалық бағыттары туралы айтты. Дипломат олардың аймағы ЕО-мен 3-ші негізгі бағыт бойынша, соның ішінде Африка Кариб және Тынық мұхиты мемлекеттері ұйымы (OACPS), Латын Америка мен Кариб бассейні елдерінің қауымдастығы (CELAC), сондай-ақ экономикалық серіктестік шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша ынтымақтасатынын ерекше атап өтті.

С. Беттон-Найо 2023 жылы Брюссельде Еуропалық одақтың екінші саммиті – Латын Америка мен Кариб бассейні елдерінің қауымдастығы өткенін атап өтті. Ямайкалық дипломат Орталық Азия серіктестерімен Климаттық, инновациялық, гуманитарлық және сауда диалогтарын ілгерілетудегі тәжірибесімен бөлісуге ниетті екенін айтты.

Қатысушылар сондай-ақ визалық режим, рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту, туризм, білім беру, цифрландыру, атап айтқанда электрондық үкімет жобаларын іске асыру, мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл, демократиялық институттарды нығайту, бизнес байланыстарды жолға қою саласындағы ЕО-мен диалог және т. б. мәселелерін қозғады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Орталық Азия, Моңғолия, Кариб бассейні мен ЕО елдері арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған диалогты қолдауға келісті.

Анықтама: Кариб теңізі елдеріне Антигуа Мен Барбуда, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Куба, Доминика, Доминикан Республикасы, Гайана, Гренада, Гаити, Ямайка, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадиндер, Француз Гвианасы, Суринам, Тринидад және Тобаго кіреді. Ол 40 миллион тұтынушысы бар динамикалық нарық.

Еуропалық Одақ-Кариб теңізі аймағының ең ірі сауда серіктестерінің бірі. 2023 жылы ЕО мен Кариб теңізі елдері арасындағы тауарлар саудасының жалпы көлемі 8 миллиард еуроны құрады.