
Брюссель, 2024 жылғы 14 мамыр – Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы Өкілдігінің басшысы Марғұлан Баймұхан екіжақты ынтымақтастықты талқылау мақсатында Ішкі істер жөніндегі Еурокомиссар Кабинетінің басшысы Аса Вебермен кездесті.
Сұхбаттасушылар көші-қон, шекаралық бақылау, азаматтардың ұтқырлығы, төтенше жағдайларға қарсы күрес, визалық рәсімдерді жеңілдету және құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы сияқты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасты.
М. Баймұхан Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы әңгімелесушіні хабардар етті және аталған салаларда тығыз кооперация мен ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өтіп, Астананың ЕО-мен ынтымақтастықты дамытуға бейілділігін растады.
А. Вебер Еуроодақтың Қазақстанмен осы бағыттағы әріптестікті нығайтуға мүдделілігін атап өтті. Тараптар пәндік диалогты жалғастыруға және Қазақстан-Еуропа қатынастарының серпінін қолдауға келісті.