Ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойына арналған ең үздік шығармашылық жобалар арасындағы «Абай – заманнан тыс» сайысы

Ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойына арналған ең үздік шығармашылық жобалар арасындағы «Абай – заманнан тыс» сайысы

Құрметті достар!

Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Елшілігі ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойына арналған ең үздік шығармашылық жобалар арасындағы «Абай – заманнан тыс» сайысын жариялауға асығады.

Сайыстың мақсаты ұлы қазақ поэты, философы, гуманисті және қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының мұрасын дәріптеу болып табылады.

Сайысқа Бельгия және Люксембургтің азаматтары, сондай-ақ, осы елдерде тұрып жатқан отандастарымыз қатыса алады. Жас шектеулер қойылмайды.

Сайыстың әр қатысушысы қазақ, орыс, ағылшын, француз, нидерланд және неміс тілдерінде келесідей форматта шығармашылық жобасын ұсына алады:

  • Фильм (3-5 мин);
  • Бейнеролик (2-3 мин);
  • Фото-бейне коллаж (10-15 сурет);
  • Абай әндері, өлеңдері немесе прозалық шығармасынан үзіндісін орындаудың бейнежазбасы (2-3 мин);
  • Өлең, шығарма, эссе немесе мақала (1 беттен артық емес);
  • Презентация (10-15 слайд).

Жобалар 2020 жылғы 1 шілде мен 1 қазан аралығында Қазақстанның Брюссельдегі Елшілігінің brussels.kz@gmail.com электрондық поштасында қабылданады. Жұмыстар арнайы әділ қазылармен бағаланатын болады.

Басты үші орынға ие болған жеңімпаздарға Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Елшісі Айгүл Құспан салтанатты түрде арнайы жүлделер мен марапаттар табыстайды.

Үздік шығармашылық жұмыстар әлеуметтік желілерде шығарылатын болады.

Баршаңызға сәттілік тілейміз!