
Брюссель, 9 мамыр 2024 жылы – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгияны азат ету үшін күресте қаза тапқан кеңес азаматтарының және Бельгияның нацизмге қарсы тұру қозғалысы қаһармандарының Брюссель зиратындағы ескерткіштеріне бірлесе гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елшіліктері қатысты.
Анықтама: 1941-1945 жылдары Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға шақырылды (жалпы халықтың 20% - ы, ер азаматтардың 70% - ы), оның ішінде 600 мың адам қаза тапты.
Ұлы Отан соғысы майданында көрсеткен ерлігі үшін Қазақстанның жүздеген мың жауынгерлері КСРО-ның әскери ордендерімен және медальдерімен марапатталды, 528 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың ішінде 2 әйел. Соғыс кезінде майдан шебінен Республикаға 1,5 млн астам адам көшіріліп әкелінді, 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан жасалған болатын.