
2023 жылғы 21 қарашада «Еуропалық сутегі апталығы» аясында Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Германияның халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институты ұйымдастырған «Еуропадағы және одан тыс жерлердегі сутегі – стратегиялық импорт және жаһандық құн тізбегі» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара аясында Еуропалық комиссияның, дипломатиялық корпустың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері сутектің дамуы туралы пікір алмасты.
Елші Марғұлан Баймұхан Еуропа елдері мен компаниялары көрмелерінің жұмысымен танысты.
«Еуропалық сутегі апталығы» - ЕО таза сутегі технологиясының әлеуетін анықтау және соңғы әзірлемелерді талқылау үшін өнеркәсіп өкілдерін, саясаткерлерді, зерттеушілерді және жұртшылықты біріктіретін жыл сайынғы ең үлкен сутегі саласындағы іс-шара. Сутегі апталығы барысында қатысушылар әртүрлі 25 сессияға қатысып, H2-индустрия саласындағы инновациялық шешімдермен және стартаптармен таныса алады.