
2023 жылғы 15 қазан, Люксембург – Қазақстан Республикасы күніне орай Люксембург консерваториясында жетекші ұлттық фольклорлық-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблінің алғашқы концерті өтті.
Люксембург жұртшылығына дәстүрлі музыкалық аспаптардың үнімен танысуға, қазақтың халық әуендерін тыңдауға, сондай-ақ ансамбльдің орындауындағы еуропалық классиктердің әйгілі туындыларын жаңаша тыңдауға мүмкіндік беріп ансамбльдің репертуары дәстүрлі еуропалық музыкалық іс-шаралар бағдарламалары үшін бірегей болып шықты.
Қонақтарға халық әндері, сондай-ақ Құрманғазы мен Шәмші Қалдаяқов, Витторио Монти, Астор Пиаццола және басқа да көрнекті композиторлардың шығармалары ұсынылды.
Шараның қонақтары Ұлы Герцогтігінің саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпустың мүшелері, іскерлік, қоғамдық және мәдени ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Люксембургте тұратын отандастар болды.
Концерт қонақтарын құттықтаған Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Республика күнінің маңызы мен 1990 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдану тарихы туралы, мерекенің еліміздің қазіргі заманғы серпінді дамуы үшін тарихи маңызы және Ұлы Герцогтігімен қарым-қатынастардың жан-жақты дамуының маңыздылығы туралы айтты Ол қазақ халқының бай музыкалық мұрасы, оның ішінде сазген сазының өнері мен дарыны арқылы танымал болған қазақ халық дипломатиясының маңызды құралы болып табылатынын айтты.
«Schengen Peace Foundation» вице-президенті Мишель Турк қазақ даласымен бұрыннан араласқан халықтар мен мәдениеттердің тарихын бейнелейтін қазақтың музыкалық дәстүрлерімен жағымды танысу үшін алғысын білдірді. Люксембург қайраткерінің айтуынша, қазақ аспаптарының үні көздің жауын алады, ал музыкалық шығармалар Қазақстанның сұлулығын көрсетеді.
Бенедикт Соботка, ERG Бас атқарушы директоры және Қазақстанның Люксембургтегі құрметті консулы: «Сазген Сазы-40 жылдан астам уақыт бұрын құрылған, гастрольдері 40-тан астам елді қамтыған Қазақстаннан шыққан бірегей, әйгілі музыкалық ансамбль. Қазақстанға арналған Люксембург консерваториясындағы тамаша мәдени іс-шараны ERG қызметкерлері мен серіктестері, Люксембург тұрғындары және басқа елдерден келген қонақтар жоғары бағалады».
Концерттен кейін Қазақстанның Люксембургтегі Елшілігі мен Құрметті консулдығының қонақтары мен достары үшін мерекелік салтанатты қабылдау өтті.
«Сазген сазы» ансамблінің қойылымы Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі Елшілігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстанның Люксембургтегі Құрметті консулдығының, сондай-ақ Люксембург мэриясының қолдауымен өтті. Музыканттардың бағдарламасында Брюссельде өтетін үлкен концерт те бар.