Брюссельдегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде Бельгия және Люксембург университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өтті

Брюссельдегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде Бельгия және Люксембург университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өтті

Брюссель, 2023 жылғы 6 қазан – Брюссельдегі Қазақстанның Елшілігінде өткен кездесуде қазақстандық студенттердің Бельгия мен Люксембург университеттеріне бейімделуі, олардың мансаптық перспективалары, сондай-ақ алдағы Республика күнін мерекелеу мәселелері талқыланды.

Қазақстандық студенттерді қарсы алған Елші Марғұлан Баймұхан жаңадан келген студенттерді Бельгия мен Люксембургтің жетекші университеттерінде оқуының басталуымен және келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, студенттердің соңғы жылдардағы Елшілік ұйымдастырған әр түрлі іс-шараларға белсенді қатысқанын ризашылықпен атап өтті.

Елші жас қонақтарды Брюссельдегі Қазақстан Елшілігінің қызметі туралы хабардар етті және оларды еліміздің саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды, атап айтқанда, кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстанның халықаралық бастамалары, Бельгияда қазақстандық іс-шараларды өткізу жоспарлары, сондай-ақ қазақстандық және бельгиялық компаниялар мен ұйымдардың базасында халықаралық ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, өндірістік тәжірибе мен  тағылымдамадан өту мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, отандастарға консулдық тіркеу тәртібі мен сайлаушылардың тізімдері туралы қажетті ақпарат берілді.

Студенттер өз кезегінде Елшіге және дипломатиялық миссия қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, соның ішінде. студенттік бірлестіктерді құру тәжірибесі туралы ақпарат алды.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, бейресми жағдайда сөйлесу қазақстандық студенттерге Елшілік дипломаттарымен және бір-бірімен жақынырақ танысуға  және Бельгияда оқу мерзіміне пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.