Еуропалық Парламентте Орталық Азия мен Моңғолия елдерінің мәдени мұрасы көрсетілді

Еуропалық Парламентте  Орталық Азия мен Моңғолия елдерінің мәдени мұрасы  көрсетілді

Брюссель, 2023 ж. 19 қыркүйек – Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі осы аптада Брюссельде өтіп жатқан «Көкжиектерді байланыстыру – Орталық Азия мен Моңғолиядан Еуропалық Одаққа дейін мәдени одиссея» көрмесін бірлесіп ұйымдастырды.

Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының төрағасы Томаш Здеховскийдің қолдауымен Еуропалық Парламенттің бас ғимаратында Орталық Азия және Моңғолия халықтарының дәстүрлі тұрмысы мен мәдениетінің бірегей элементтері, сондай-ақ қазіргі заманғы сурет өнері мен табиғи байлықтардың фотосуреттері көрсетілді.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың өтініші бойынша Қазақстанның Елшілігі көрме қонақтарына Қазақ хандығы және Орталық Азияның басқа да халықтары бейнеленген еуропалық бірегей көне карталарды көрсетуге ұсынды.

Елші М. Баймұхан өзінің құттықтау сөзінде Еуропалық Парламенттің ғимаратында осындай ірі мәдени іс-шараны өткізу ҚР Президенті                       Қ. Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйекте Тәжікстанда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуі кезінде ұсынған «Орталық Азия» эксклюзивті туристік брендін ілгерілетудің маңыздылығын растайтынын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Т. Здеховский аталған көрмені өткізу арқылы Еуропалық Парламенттің өкілдері мен келушілерге Орталық Азия өркениетінің әсемдігін, сондай-ақ Орталық Азия мен Моңғолияның бай мәдениетін, өнері мен бірегей табиғатын көрсету ниетін жеткізді.

Аталған іс-шараға Еуропалық Парламенттің көптеген депутаттары мен стафферлері, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі Кіші комитет төрағасының орынбасары Кристиан Сагартц, сондай-ақ Сыртқы істер комитетінің мүшелері Карстен Люке, Франциско Миллан-Мон, Тьерри Мариани және басқа тұлғалар да қатысты.