
Бүгін барлық адамзат ұлы мереке – фашизмнен азат еткен Жеңістің 75 жылдығын атап өтуде!
Қанды соғыстың нәтижесі даусыз – бұл Жеңіс, бірінші кезекте, барлық халықтарға ұлттық, нәсілдік, діни, әлеуметтік тиістілігіне қарамастан өмір сүру құқығын қайтарып берді.
Бұл мереке күні Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Бельгияда қайтыс болған кеңес жауынгерлерінің Эвере коммунасындағы брюссельдік зиратта орналасқан монументіне, сондай-ақ құрамында кеңес жауынгерлері де болған бельгиялық қарсыласу ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті.
Бельгия жерінде шамамен 350 кеңес жауынгерлері жерленген.
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің ұжымы барлық ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін, олардың отбасы мүшелерін Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге бақыт, гүлдену және бейбітшілік тілейміз!