
Темсе, 2023 жылғы 7 қыркүйек – Хемелаер ет комбинатының ашылуы аясында Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия Өкілдер палатасының депутаты, «Бельгия-Қазақстан» достық тобының мүшесі Гёделе Ликенспен, Фландрия Экономика, инновациялар, еңбек, әлеуметтік экономика және ауыл шаруашылығы министрі Джо Браунспен кездесті.
Гёдель Ликенспен кездесу барысында бельгиялық фермерлердің Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделілігі атап өтілді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат пен бельгиялық парламентарий Қазақстан-Бельгия саяси және мәдени қарым-қатынастарын дамыту перспективалары, ынтымақтастықты дамытудың парламентаралық және басқа да форматтары аясындағы өзара сапарлардың серпіні туралы пікір алмасты.