Қазақстан Елшісі Бельгияда жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының ашылуына қатысты

Қазақстан Елшісі Бельгияда жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының ашылуына қатысты

Темсе, 2023 жылғы 7 қыркүйек - Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан жасанды интеллектпен басқарылатын «Hemelaer» компаниясының ірі ет өңдеу зауытының ашылу салтанатына қатысты.

М.Баймұхан серіктестік иесі Ханс Хемелаерді озық өндірістің ашылуымен құттықтап, Хемелаер мен қазақстандық кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуде Қазақстанда осындай жобаларды іске қосу мүмкіндігін одан әрі талқылау туралы келісімге қол жеткізілді.

«Hemelaer» компаниясы Бельгиядағы үш ет комбинатының иесі және 70 жылдық тарихы бар. Оның жаңа ет комбинаты Еуропадағы жетекші зауыттардың бірі болып табылады. Мысалы, жасанды интеллектпен басқарылатын өнімді орау жүйесі қызметкерлерге 60 тілде командаларды жібере алады.