
2023 ж. 29 қыркүйекте сағат 17.00-де Елшіліктің ғимаратында (Avenue Van Bever 30, 1180 Uccle) Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЕО жанындағы ҚР Тұрақты Өкілі М.Баймұханның Бельгия мен Люксембургте жоғары оқу орындарында оқитын ҚР азаматтарымен кездесуі жоспарлануда.
Кездесу барысында студенттер Елшіліктің қызметкерлерімен және өзара таныса алады, Елшіліктің қызметі туралы ақпарат ала алады, Бельгиядағы студенттік өмірдің өзекті мәселелері және одан әрі мансаптық перспективалар бойынша пікір алмасады.
Қатысушылар тізіміне енгізу үшін өз деректеріңізді (аты-жөні, туған күні, байланыс деректері, оқу орны және мамандығы) «Елшінің студенттермен кездесу - 2023» тақырыпты көрсете отырып, 2022 ж. 14 қазанға дейін келесі электрондық адресаттарға жіберуіңізді сұраймыз – brussels@mfa.kz, consul.brussels@mfa.kz.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
- (+32) 2 373 38 90;
- (+32) 2 374 50 96.