
2023 жылғы 5 қыркүйек, Брюссель - Қазақстан тарапының бастамасымен Брюссельде Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі М. Баймұханның Испанияның Еуропалық Одақ жанындағы Тұрақты Өкілі Маркос Алонсомен кездесуі өтті.
М. Баймұхан М. Алонсоны Испанияның Еуропалық кеңестегі төрағалығымен құттықтап, Мадрид ұсынған басым бағыттардың табысты ілгерілеуіне тілек білдірді.
Тараптар ҚР-ЕО форматының күн тәртібін, ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл жолдарын, визалық мәселелер бойынша консультацияларды, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты жандандыруды талқылады. Сонымен бірге, қазақстандық кәсіпорындардың санкциялық режимді сақтау және осы бағыттағы тиісті диалогты жалғастыру мәселелері қозғалды.
Қазақстан Елшісі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы аясында ұсынған ҚР жаңа экономикалық бағытының өнеркәсіп, геология, қаржы және басқа да салалардағы бастамаларымен бөлісіп, тиісті жобалар еуропалық әріптестермен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашатынын атап өтті.
Анықтама: 2022 жылы ҚР мен ЕО арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 995,5 млн.долл., бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6 % - ға артық (733,7 млн.долл.). Бұл ретте экспорт 50% - ға өсіп, 473,3 млн.долл.құрады, ал импорт 25% - ға және 522,2 млн.долл. ЕО-дағы негізгі экспорттық тауарлар-зығыр тұқымдары - 185,3 млн.долл. (үлесі 41,7%), бидай-103,6 млн.долл. (23,7%).
FiBL (Органикалық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) және IFOAM (Органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысының халықаралық федерациясы) рейтингтеріне сәйкес, 123 елдің ішінен Қазақстан органикалық өнім экспорты бойынша 9-орынды, органикалық бидай экспорттаушы елдер арасында 4-орынды және ЕО-ға майлы зығырдың органикалық тұқымын экспорттау бойынша 6-орынды алады.