Қазақстан мен Люксембург тұрақты әуе тасымалы туралы Меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Люксембург тұрақты әуе тасымалы туралы Меморандумға қол қойды

Келісімге сәйкес Астана арқылы апта сайынғы транзиттік авиарейстердің санын үш есе арттыру жоспарлануда.

Астана халықаралық әуежайында Cargolux жүк авиакомпаниясының 77-ші рейсінің кездесуі өтті. Халықаралық дәстүр бойынша келген ұшақ су аркасынан өтті.

Салтанатты шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Люксембург Cыртқы және еуропалық істер министрі Жан Ассельборн, Aзаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев және "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов, сондай-ақ Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Cargolux басшылығы қатысты.

Іс-шара аясында ҚР ИИДМ және Люксембург СІМ басшысы екі ел арасындағы әуе қатынасы туралы Меморандумға қол қойды.

"Бұрын чартерлік рейстер болған, енді олар тұрақты болды. Сонымен қатар, егер бұрын Люксембургтен рейстер аптасына 7 рет жүзеге асырылса, енді қол қойылған меморандум негізінде олардың саны 21 есеге дейін артады.

Бұл келісім Франция мен Финляндиядан кейін Люксембургпен жасалған, "ашық аспан" ережелері аясындағы ашықтықтың 5-ші деңгейіне жол ашатын құжат.

Министрдің айтуынша, бұл келісім Қазақстанның авиация саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және елді Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы кеңістіктегі негізгі транзиттік хаб ретінде орнықтырады.

"Жаңа транзиттік рейстерді тарту қазақстандық авиаторлардың кәсіби құзыреттерін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Қазақстанда жергілікті нарықта сұранысқа ие жүктер түсіріледі, ал Астанада Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне өнімдер жүктеледі", - деп толықтырды министр.

Cargolux Астанаға алғашқы рейсін 1 мамырда жасады. Бүгінгі таңда авиакомпания Люксембургті Астана әуежайы арқылы Қытай және Жапония қалаларымен байланыстыра отырып, аптасына 7 рейс жасайды. Үкіметаралық келісім шеңберінде алдағы уақытта екі жаққа да тұрақты жүк рейстерінің жиілігін аптасына 42-ге дейін арттыру жоспарлануда.

"Бүгін біз осы Меморандумға қол қойдық, өйткені Қазақстан астанасының әуежайы арқылы өтетін жүк рейстерінің жиілігін арттырамыз. Болашақта бұл Еуропа мен Азияны байланыстыра отырып, Астана әуежайы арқылы жүк тасымалы көлемінің өсуіне әкеледі деп үміттенеміз", - деп атап өтті "Cargolux" авиакомпаниясының президенті Ричард Форсон.

Cargolux Airlines International S. A. 1970 жылы Люксембургте құрылған. Еуропадағы ең ірі жүк тасымалдаушының 30 Boeing 747 ұшағы бар және әлем бойынша 50-ден астам бағытқа ұшады. Компанияның 75 кеңсесінде 2,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Cargolux халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мүшесі болып табылады. Астана әуежайы дамуының жаңа бас жоспарына сәйкес елордалық Әуежай сауда-логистикалық хаб құру бағдарламасын белсенді жүзеге асыруда.