Бір жақты визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Бір жақты визасыз режимді уақытша тоқтату туралы

Назар аударыңыздар!

Қазақстанда COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу үшін, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылғы 17 сәуірден бастап 57 мемлекеттің, оның ішінде Бельгия мен Люксембург азаматтарына біржақты визасыз режим 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатылды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттік жол жүруші ҚХР мен Үндістан азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылды.

Демек 2020 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстанға сапар шегетін Бельгия мен Люксембург азаматтары Брюссельдегі Қазақстанның Елшілігі арқылы тиісті санаттағы визаны алуға тиісті.

Қазақстандық визаны алу тәртібіндегі келесі маңызды өзгеріске назар аударуларыңызды сұраймыз.

Визалар шетел азаматында коронавирус инфекциясының жоқ екенін растайтын соңғы 48 сағатта алынған медициналық анықтаманың негізінде ғана беріледі.

Қазақстан Республикасының визалары ҚР визасын беру тәртібіне сәйкес рәсімделеді.

Бельгия мен Люксембург сияқты 57 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға келесі санаттағы бір реттік визаларды шақырусыз (визалық қолдаусыз) алуға мүмкіндігі бар екенін естеріңізге саламыз:

- Іскерлік (B1) – елде болу мерзімі 60 күн;

- Іскерлік (B3) – елде болу мерзімі 30 күн;

- Жеке (B10) – елде болу мерзімі 90 күн;

- Туристік (B12) – елде болу мерзімі 30 күн.

ҚР визаларын беру тәртібінде көрсетілмеген өзге жағдайларда өтініш берушінің ҚР миграциялық қызметінде рәсімделген шақыруы (визалық қолдауы) болуы міндетті.