
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылды.
Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық құқықтық және саяси ақтау болып табылады.
Мемлекеттік комиссияның шешімімен саяси қуғын-сүргін құрбандарының негізгі, ақталмаған санаттары бойынша 10 жұмыс тобы құрылды.
Әдістеме бойынша кіші комиссияның құрамына және 10 жұмыс тобына ҚР ҰҒА академиктері, ҒЗИ және ЖОО жетекші ғалымдары тартылды.
ҒЗИ: Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Мемлекет тарихы институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, Заңнама және құқықтық ақпарат институты, Қазіргі заманғы құқық институты.
Жоғары оқу орындары: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Х. Ясауи атындағы ХҚТУ, М. Қозыбаева атындағы СҚМУ, Х. Досмұхамедова атындағы АМУ, КАЗГЮУ университеті, «Нұр-Нубарак» университеті, «Bolashaq» академиясы.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР ІІМ арнаулы архивтерінде 2 190, ҚР ҰҚК арнаулы архивтерінде қуғын-сүргінге қатысты 333 архивтік істер және 1937-1938 жылдардағы КСРО НКВД 7 нормативтік құқықтық актісі құпиясыздандырылды.
ҚР Бас прокуратурасы қуғын-сүргінге қатысты 2 млн. астам құжатты құпиясыздандырды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірыңғай республикалық деректер базасының сайты әзірленді (http://e-memory.kz/). Портал негізінде ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы республиканың қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарының барлық санаттарын (көтерілістерге, кулактарға, орта тұрғындарға, жер аударылған халықтарға, арнайы қоныстанушыларға, Қазақстан лагерьлерінің тұтқындарына, әскери тұтқындарға, діни қызметкерлерге) қамтитын жүйелендірілген электрондық деректер базасы (іздеу функциясы бар) ұсынылған.
Бүгінгі таңда сайттың толтырылуы 80% құрайды. Сайт Интернет-ресурстарда жалпыға қол жетімді. Оны өңірлік комиссиялардың материалдарымен үнемі толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ҒЖЖБ қатысуымен барлық облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін әкімдер орынбасарларының басшылығымен мәслихат депутаттарының, ғалымдардың, өлкетанушылардың, жұртшылық өкілдерінің, құқық қорғаушылар мен іздеушілердің қатысуымен Консультативтік-кеңесші органдар форматында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі 17 өңірлік комиссия құрылды.
Өңірлік комиссиялардың құрамында 265 ғалым жұмылдырылды, оның ішінде 215 ғалым құпиялылық белгісімен жұмыс істеуге жіберілді.
Баспа қызметінің жоспарына сәйкес 2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қаражаты есебінен 29 кітап, монография және жинақ жарық көрді.