Бельгияның Федералдық парламентінің депутаттары Қазақстанға барды

Бельгияның Федералдық парламентінің депутаттары Қазақстанға барды
Бельгияның Федералдық парламентінің депутаттары Қазақстанға барды

Астана, Алматы, Ақтау, 2023 жылғы 16-21 мамыр – Бельгия Корольдігінің Федералдық парламенті  депутаттарының Парламентаралық одақ аясында өткен Қазақстанға сапарлары сәтті өтті.
Делегация құрамында Сенат пен Өкілдер палатасының келесі депутаттары кірді: «Бельгия – Орталық Азия» парламентаралық ынтымақтастық тобының төрағасы Тим Ванденпут, сенаторлар Аллессия Клас пен Лео Питерс, Өкілдер палатасының халықаралық байланыстар комитетінің төрайымы Эльс Ван Хоф, Өкілдер палатасының Конституция және институционалдық жаңару комитетінің төрайымы Озлем Өзен, Өкілдер палатасының халықаралық байланыстар комитетінің мүшесі Мишель де Махд.
Сапар барысында бельгиялық делегация Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Альберт Рау, Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның басқа да орталық атқарушы органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылықтарымен кездесті.
Алматыға сапары барысында депутаттар «Орталық Азия – Еуропалық одақ» экономикалық форумына және Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Сонымен қатар, бельгиялық қонақтар Алматыдағы бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы Ақтау және Құрық теңіз порттарының қызметімен танысты.
Бельгия Парламенті депутаттарының Қазақстанға соңғы сапарлары осыдан 18 жылдан астам уақыт бұрын орын алған.