Люксембург, 2023 ж. 3 мамыр - Люксембургке кезекті жұмыс сапарының барысында Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер министрлігі Саяси департаменті директорының орынбасары Том Рейзенмен, Люксембург университетінің ректоры Йенс Крейселмен және "Paul Wurth" компаниясының басшыларымен кездесті.
Люксембург дипломатымен кездесуде сұхбаттасушылар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібін талқылады. Екі ел өкілдерінің қатысуымен өтетін саяси және экономикалық іс-шараларға ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде Й. Крейсельмен Люксембург университеті мен қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктерін талқылады. Ғылыми ынтымақтастықты бастау үшін қазақстандық және люксембургтік зерттеушілер арасында келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, студенттердің Люксембургте де, Қазақстанда да білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
"Paul Wurth" компаниясының өкілдерімен кездесу «жасыл» экономика саласындағы перспективалық жобаларды дамыту үшін осы компания мен қазақстандық шаруашылық субъектілері арасындағы ынтымақтастықты бастау мүмкіндігін талқылауға арналды. Көлік саласында пайдалану үшін балама отын шығару мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Сұхбаттасушылар алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мүдделі ұйымдармен бірқатар нақты келіссөздер жүргізуге келісті.