
Брюссель, 2023 жылғы 21 сәуір – Қазақстанның Еуропалық одақ жанындағы Өкілдігінің басшысы Марғұлан Баймұхан құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылау мақсатында Ішкі істер жөніндегі Еурокомиссар Кабинетінің басшысы Аса Вебермен кездесті.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар көші-қон, шекаралық бақылау, визалық режимді жеңілдету және құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы сияқты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасты. Олар Қазақстанның ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ағымдағы шараларын талқылады.
М. Баймұхан ресми Астананың осы мәселелерді шешуде Еуроодақпен ынтымақтастыққа және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа жәрдемдесуге бейілдігін растады. Сондай-ақ ол екі тарап арасында, әсіресе визалық режим және құқық қорғау салаларында тығыз ынтымақтастық пен ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Еуропалық одақтың Есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша Орталық Азия арналған бағдарлама (CADAP), Шекараларды басқару бойынша Орталық Азияға арналған бағдарлама (BOMCA) және Құқық қорғау органдарын қолдау бойынша Орталық Азияға арналған бағдарлама (LEICA) сияқты табысты бастамаларға белсенді қатысатынын ақпараттандырды.
А. Вебер алған ақпараты үшін ризашылығын білдіріп, Еуроодақтың Қазақстанмен осы салалардағы әріптестікті нығайтуға мүдделілігін атап өтті. Ол Астананың шекаралық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларын және осы саладағы көрші елдермен ынтымақтастығын жоғары бағалады.
Тараптар келешекте де пікір алмасулар мен ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты және ішкі істер саласындағы жаңа ортақ мүдделестік бағыттарын белгіледі. Кездесу аса мазмұнды және достық сипатта өтті.