Қазақстан Елшісі Люксембургте бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Елшісі Люксембургте бірқатар кездесулер өткізді

Люксембург, 2023 жылғы 17 наурыз – Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембургке жұмыс сапары аясында Люксембург Сыртқы істер министрлігімен, Еуропалық инвестициялық банкімен, Accumaluxкомпаниясының өкілдерімен және Ұлы Герцогтігінде тұратын Қазақстанның азаматтарымен жеке кездесулер өткізді.

Люксембург Сыртқы және Еуропалық істер министрлігі Саяси департаменті директорының орынбасары Том Райзенмен кездесу барысында тараптар екіжақты мәселелерді, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Екі елдің СІМ басшылығының қатысуымен өтетін саяси және экономикалық іс-шараларға ерекше назар аударылды. Кездесу барысында М.Баймұхан Люксембург дипломатына алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы туралы, сондай-ақ 2023 жылдың маусым айына жоспарланған Астана халықаралық форумы туралы айтты

Елші Еуропалық инвестициялық банктің Аға кеңесшісі Адам Бруунмен Қазақстандағы және жалпы Орталық Азия аймағындағы ЕИБ қызметін арттыру мәселелерін талқылады. Тараптар ЕИБ өкілдерінің Қазақстанға алдағы жұмыс сапарларын талқылап қазақстандық жобалар үшін ЕИБ қаржы құралдарын ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Accumalux компаниясымен кездесуде люксембургтік компания мен қазақстандық шаруашылық субъектілері арасындағы автокөлік кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін жоғары сапалы пластмасса бұйымдарын өндірудегі ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Люксембург компаниясы мен Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында келіссөздер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ сапар барысында Елші М.Баймұхан Люксембургте тұратын қазақстандық азаматтармен кездесу өткізіп ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттар сайлауының жекелеген аспектілерін талқылады.

Анықтама: Еуропалық инвестициялық банк 1958 жылы құрылған. Банктің инвестициялық портфелі 2022 жылы 260 миллиард еуродан асты. 1907 жылы негізі қаланған Accumalux компаниялар тобы қазіргі уақытта әлемнің 30 еліне 30 миллион дана өнімін жеткізеді.