
Брюссель, 2023 жылғы 13 наурыз – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан бүгін Бельгияның бизнес өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында дипломат сұхбаттасушыларды еліміздің инвестициялық тартымдылығы, Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау туралы хабардар етіп, бельгиялық кәсіпкерлерді Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Өз кезегінде «Vivactis Group» басшысы Алан Махо қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын атап өтіп, Азия мен Еуропа арасындағы халықаралық сауда үшін Орталық Азия нарығының маңыздылығына назар аударды.
Vivactis Group пен қазақстандық компаниялар арасында цифрландыру саласында іскерлік қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол жеткізілді.