Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауы туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауы туралы
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
 
Естеріңізге сала кетейік, алдағы жексенбіде, 2023 жылғы 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін Бельгия Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің жанындағы № 241 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс беру өтеді.
Бельгия Корольдігіндегі ҚР Елшілігі жанындағы № 241 учаске сайлаушыларының тізіміне Бельгия мен Люксембург аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ҚР азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаттары бар азаматтар (көрсетілген құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүруіңізді сұраймыз) енгізіледі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҚР шет елдердегі мекемелері жанынан құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беру Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері бойынша ғана жүргізілетініне назар аударамыз.
 
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сізді сайлаушылар тізіміне қосу үшін Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің аумағындағы Қазақстанның әрбір азаматы өз мәліметтерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефоны) "Сайлау-2023" белгісімен келесі электрондық пошта адрестеріне алдын ала хабарлауы қажет: brussels@mfa.kz, consul.brussels@mfa.kz.
 
Туындауы мүмкін барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
 
- (+32) 2 373 38 90;
- (+32) 2 374 50 96.