Орталық Азияның және Еуропалық Одақтың дипломаттары бейнеконференцияны жаңа диалог форматы ретінде сәтті сынап көрді

Орталық Азияның және Еуропалық Одақтың дипломаттары бейнеконференцияны жаңа диалог форматы ретінде сәтті сынап көрді

Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өңіраралық ынтымақтастық, сондай-ақ екі аймақтың COVID-19-ға қарсы іс-әрекеттеріне арналған бейнеконференция алғаш рет 2020 жылғы 31 наурызда өтті.

Іс-шараға Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басқарушы директоры Анджелина Эйххорст, Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Буриан және Еуропалық Одақ жанындағы Орталық Азия мемлекеттері миссияларының басшылары қатысты.

Бейнеконференцияның басты тақырыбы Еуропада және Орталық Азияда COVID-19 бойыншаағымдағыахуалы болды. Еуропалық дипломаттар Еуроодаққа кірмейтін елдердің қажеттіліктерін талдау туралы хабарлады. Бұл талдауды Еуропалық комиссияның әртүрлі бөлімшелері коронавирусқа қарсы күресте көмек көрсету мүмкіндіктерін зерттеу, сондай-ақ пандемияның экономикалық және басқа да салдарларын жою үшін жүргізген.

Қазақстан Елшісі Айгүл Құспан Қазақстанның ЕО-ның құзырлы мекемелерінен Еуроодақ мүше-мемлекеттерінің COVID-19 қарсы күрес бойынша медициналық бақылаулары, ғылыми зерттеулерімен үздік тәжірибелері туралы өзекті жинақталған ақпарат алғысы келетінін атап өтті.

Кездесу қатысушылары ЕО-ОА бағыты бойынша жоспарланған барлық іс-шаралардың кейінге мәжбүрлі ауыстырылуына қарамастан, олар өңіраралық диалогты нығайтып, оны ағымдағы әлемдік ахуалына бейімдейді деп келісті.

Осыған орай,осындай жедел бейнеконференциялар тұрақты түрде жалғасатын болады.