Қазақстан Елшісі бельгиялық "Etex Group" компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан Елшісі бельгиялық "Etex Group" компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Брюссель, 2023 жылғы 1 наурыз – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан "Etex Group" бельгиялық компаниясының даму стратегиясы бойынша Вице-Президенті Карла Синанианмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ Қазақстанда және бүкіл Орталық Азия аймағында «жасыл» энергия көздерін пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі К.Синанианды Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

«Etex Group» 1930 жылы құрылған және шамамен 3 миллиард еуро айналымы бар құрылыс материалдарын шығаратын халықаралық өндіруші болып табылады. Компанияда 45 елде 13,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді.