Инвестициялар, сауда, сындарлы диалог: Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілді

Инвестициялар, сауда, сындарлы диалог: Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілді

2023 жылғы 27 ақпан, Брюссель қ. – Қазақстанның Еуропалық одақ жанындағы өкілдігі Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Іс-шараға ЕО басты институттарының жоғары лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, дипломатиялық корпустың, іскер топтардың, ғылыми-зерттеу құрылымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның алдында еуропалық серіктестермен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕО елдерінің нарықтарына ілгерілету бойынша мағыналы келіссөздер жүргізген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев меймандарды атаулы күнмен құттықтады.

Министр атап өткендей, Қазақстан мен ЕО саяси және экономикалық салаларда маңызды әріптес болып табылады, осыған байланысты ҚР Үкіметі мен Еуропалық комиссия түрлі бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниетті.

Өз кезегінде Қазақстанның ЕО жанындағы өкілдігінің басшысы, Елші Марғұлан Баймұхан «өткен үш онжылдықта Қазақстан мен Еуроодақ өзара сыйластыққа, сенім және мүдделер ортақтығына негізделген берік әріптестік орнатты» деп атап өтті.

ЕО елдері дәстүрлі түрде Қазақстан экономикасы үшін ірі сауда әріптесі және тікелей шетелдік инвестициялар мен жаңа технологиялар трансферттерінің аса маңызды көзі болып табылады. «1996 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы шамамен 30 есе өсті: 1,6 млрд. доллардан 39,9 млрд. долларға дейін, ал үш онжылдықта еуропалық компаниялар қазақстандық кәсіпорындарға 160 млрд. доллардан астам инвестиция салды», - деп еске салды дипломат.

Елші қонақтардың назарын Астана мен Брюссель арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейіне аударды және 2022 жыл екіжақты қарым-қатынастарда серпіліс болғанын атап өтті. Мәселен, Еуропалық кеңестің Президенті Чарльз Мишель мен ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллдің Қазақстанға ресми сапарлары ұйымдастырылды, еуропалық елдерден қазақстандық жобаларға инвестициялар тікелей шетелдік көрсеткіштер 28%-ға өсті, екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа перспективалық салаларында нақты бастамалар пысықталды. Мысалы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенмен екі кездесуінен кейін ҚР Үкіметімен тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл сутегі» құн тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім рухында біз сауда және инвестициялар, көлік және логистика, «жасыл» экономика мен энергетикаға көшу, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайту, сондай-ақ сындарлы парламентаралық диалогты одан әрі дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істейміз» - деп атап өтті М. Баймұхан.

Еуропалық одақ атынан сөз сөйлеген Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Басқарушы директоры Михаэль Зиберт Брюссельде Астананы өңірдегі негізгі әріптес ретінде қарастыратынын және кең ауқымды мәселелер бойынша қарым-қатынастарды нығайтуға сенетінін атап өтті. «Өткен жылы Қазақстан үлкен реформалар жолына түсті. Жақында елде парламенттік сайлау өтеді, жуырда президенттік сайлау өтті. Біз неғұрлым демократиялық және неғұрлым инклюзивті әділетті Қазақстан бейнесінің қалыптасуын бақылаудамыз. Біз реформалардың күн тәртібін ілгерілету, елді саяси және қоғамдық жаңғырту жөніндегі осы бағытта Қазақстанды қолдауға дайынбыз», - деп атап өтті ол.

Іс-шара аясында фотосуреттер мен картиналардың тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды, Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени-тарихи байланыстарды көрсететін көне карталардың көшірмелері, «QazaqOner» орталығының қазақстандық дизайнерлері мен қолөнершілерінің бұйымдары ұсынылды. Дәстүр бойынша қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, бейресми жағдайда бірлескен жобаларды іске асыру бойынша пікір және жоспарлармен алмаса алды.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ 1993 жылғы 2 ақпанда дипломатиялық қатынастар орнатты. Тараптар саяси диалогты үнемі жоғары деңгейде қолдайды, 29 саладағы екіжақты өзара іс-қимылдың әртүрлі нақты аспектілері 2020 жылы күшіне енген Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімде көзделген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЕО елдерінің нарықтарына қазақстандық экспорт 32,3 млрд. құрады, бұл Қазақстаннан өнім экспортының жиынтық көлемінің 43,4 % -. құрайды. ЕО елдерінен импорт 7,6 млрд. долларды құрады. Еуропалық компаниялардан қазақстандық кәсіпорындарға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 14,5 млрд. доллар құрады.