Елші М. Баймұхан бейнебайланыс арқылы ғылыми еңбектің Астанадағы таныстырылымына қатысты

Елші М. Баймұхан бейнебайланыс арқылы ғылыми еңбектің Астанадағы таныстырылымына қатысты

2023 ж. 16 ақпанда Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан қашықтықтан бейнебайланыс арқылы көрнекті отандық қоғамтанушы, тарихшы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың "Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі тарих толқынында: XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы қазақ мемлекеті" кітабының Астанадағы таныстырылымында сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханада өткен іс-шара танымал ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, дипломаттар, зиялы қауым, жас зерттеушілер мен студенттердің қатысуымен өтті.
Қысқаша баяндамасында Елші Қазақстан үшін Еуропа мемлекеттерімен қарым-қатынастардың бүгінгі таңдағы зор маңыздылығы және оларды тиімді дамыту үшін отандық ғалым жинақтаған көне карталар көрсететіндей бірнеше ғасырлық тарихы бар дәстүр бар екенін атап өтті. Сонымен бірге ол Брюссельде 2021 жылы жарық көрген кітаптың қазақстандық және қызығушылық танытатын шетелдік оқырманның назарына жетіп, көңілінен шығатынына сенімін білдірді.