Қазақстан мен Бельгияның Фламанд өңірі арасындағы ынтымақтастықтық келешегін талқылады

Қазақстан мен Бельгияның Фламанд өңірі арасындағы ынтымақтастықтық келешегін талқылады

Брюссель, 2023 ж. 26 қаңтар – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Фламанд аймағының (Фландрия) Министр-Президенті Ян Ямбонның Бельгияда тіркелген дипломатиялық корпуспен кездесуіне қатысты.

Екіжақты әңгіме аясында Фландрия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оларды кеңейту мүмкіндіктері бойынша пікір алмасу болды. Елші сұхбаттасушыны қазақстандық өңірлердің біріне сапар жасауға шақырды және 2023 жылдың маусым айында елімізге баратын бельгиялық іскерлік миссияға фламандтық кәсіпкерлердің белсенді қатысуына қолдау көрсетуді сұрады.