Люксембург, 2023 жылғы 23 қаңтар – Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Жоғары Корольдік Мәртебелі Герцог Анридің 2023 жылдың басының құрметіне арналған салтанатты дипломатиялық қабылдауына қатысты.
Іс-шара барысында отандық дипломат Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттельмен, СІМ және аккредиттеу елінің басқа да мемлекеттік органдарының өкілдерімен, сондай-ақ серіктес елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесіп, екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.