Қазақстан Сыртқы істер Министрлігінің медалімен ҚР Бельгиядағы бұрынғы құрметті консулы Джон Ступтың көп жылғы еңбегі марапатталды

Қазақстан Сыртқы істер Министрлігінің медалімен ҚР Бельгиядағы бұрынғы құрметті консулы Джон Ступтың көп жылғы еңбегі марапатталды

Антверпен, 2023 жылғы 16 қаңтар – Белгілі бельгиялық заңгер және кәсіпкер, ҚР Антверпендегі бұрынғы Құрметті консулы Джон Ступпен кездесуде Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан оған Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарын нығайту жолындағы көп жылғы еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіріп, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» медалін табыс етті.

Сонымен қатар Дж.Ступқа ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсыновтың Алғыс хаты берілді.

Елші Дж. Ступтың Құрметті консул ретіндегі көптеген жұмысын және оның елдеріміз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Осыған байланысты ол екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетудің пәрменді құралы болып табылатын құрметті консулдар институтының маңыздылығын атап өтті.

Дж. Ступ жиырма жылдан астам уақыт бойы (1996 жылдан 2018 жылға дейін) Бельгияның 10 провинциясын қамтитын Фландрия аймағында, ал 2018 жылдан 2021 жылға дейін Антверпен провинциясында Қазақстанның мүдделерін ілгерілетті. Жоғары білікті заңгер, қазіргі уақытта ол Фламандық медиация және арбитраж ұйымының (VOBA) Құрметті президенті болып табылады.