Брюссель, 2022 жылғы 14 желтоқсан – Қазақстанның Брюссельдегі Елшілігі «Kazakh Tourism» ҰК АҚ-мен бірлесіп Бельгия мен Люксембург туристік компаниялары үшін гибридті форматта дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында «Kazakh Tourism» және ірі отандық туристік операторлардың өкілдері бейнебайланыс арқылы еліміздің туристік әлеуетін таныстырып, негізгі туристік бағыттар мен Батыс Еуропадағы клиенттер үшін тартымды туристік шешімдерді ұсынды.
Өз кезегінде Қазақстан Елшілігіне жиналған Бельгия мен Люксембург туристік компанияларының өкілдері қазақстандық туристік операторлармен ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық танытты.
Шара қонақтары Қазақстанның танымал туристік бағыттары туралы көрмемен және тақырыптық бейнематериалдарды тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік алды.