Люксембург, 2022 жылғы 8 қараша – Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі, еліміздің Люксембургтегі Құрметті консулдығымен бірлесіп, Республика күнін мерекелеуге арналған дипломатиялық қабылдау ұйымдастырды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, Люксембургте тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылығы, бизнес пен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Шара қонақтары алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан еліміздің дамуының негізгі аспектілері мен Қазақстан-Люксембург ынтымақтастығына тоқталып, келесі жылы оларды одан әрі жандандырудың қолайлы перспективаларына тоқталды.
Қабылдау аясында еліміздің табиғаты, тарихи-мәдени мұрасы және заманауи дамуы туралы тақырыптық бейнематериалдар мен фотокөрме ұсынылды.
Шараға қатысушылар Еуразияның көне даласының сиқырлы әуенін Люксембург жүрегіне шебер жеткізген қазақстандық «Хассак» тобының өнерін ерекше бағалады. Төл атмосфераны да «Арлан» театрының әртістерінің арасынан шыққан қуатты батырлар жасады. Қонақтар тамаша кеш үшін музыканттарға, әртістерге және қабылдауды ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдіріп, достас Қазақстан халқына бейбітшілік, даму және өркендеу тілегін білдірді.