
2022 жылғы 8 қарашада Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембург қаласының мэрі Лиди Полфермен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны елімізде жүзеге асырылып жатқан кешенді саяси және экономикалық реформалармен таныстырды. Жергілікті басқару органдарын дамытуға, сондай-ақ сайлау және саяси партиялар туралы заңнаманы ырықтандыруға ерекше көңіл бөлінді.
Өз кезегінде Л.Полфер Қазақстан Люксембургтің Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі болып табылатынын және 2023 жылға жоспарланған маңызды екіжақты іс-шаралар біздің елдеріміздің өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға мүдделілігін көрсететінін атап өтті.
Қазақстандық дипломатты Қазақстанға келуге шақыруына жауап ретінде Л.Полфер біздің мемлекеттеріміздің астаналары арасында пайдалы байланыстар орнату үшін Астанаға келуге дайын екенін білдірді.
Лиди Полфер – Люксембург Ұлы Герцогтігінің ең тәжірибелі және беделді мемлекет қайраткерлерінің бірі, елорда мэрі ретіндегі көп жылдық қызметімен қатар, бұған дейін еліміздің сыртқы істер агенттігін де басқарған.