
Брюссель, 2022 жылғы 9 қыркүйек - Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Еуропадағы автобустардың, троллейбустар мен жартылай тіркемелердің ірі өндірушілерінің бірі болып табылатын Van Hool компаниясының басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар компанияның Қазақстандағы және Орталық Азия өңіріндегі қызметін кеңейту мүмкіндігін талқылады.
Сондай-ақ, өз бизнесін белсенді әртараптандыратын ірі бельгиялық Cordeel құрылыс компаниясының басшылығымен кездесу өтті.
Әңгімелесу барысында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы пайдалы пікір алмасылды.
Анықтама: Van Hool компаниясы жыл сайын 1400-ден астам автобус пен 3000 мың бірлік өнеркәсіптік автокөлік өндіреді. Компания өз өнімдерін Еуропа, Азия және Солтүстік Америка елдеріне экспорттайды.